
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлері өңірлік прокуратураның үйлестіруімен, арнайы мақсаттағы "СОБР" бөлімшесінің қолдауымен және "Кира" есімді қызметтік иттің қатысуымен "Құқықтық тәртіп" жедел-алдын алу іс-шарасы аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау бойынша ауқымды операция жүргізді.
Нәтижесінде Ақтау қаласында есірткі заттарын сақтап, сатумен айналысқан үш күдікті ұсталды.
Бірнеше мекенжай бойынша жүргізілген тінту барысында полиция қызметкерлері ірі көлемдегі марихуана, электронды таразылар, орау материалдары мен пневматикалық қару тапты және тәркіледі.
Қосымша тергеу шаралары барысында ұсталғандардың бірінің тұратын үйінің жертөле бөлмесінен төрт картон қорапқа салынған, жалпы салмағы 100 келіден асатын марихуана салынған жасырын қойма табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 196 келіні құрады. Сот-химиялық сараптама алынған заттың марихуана екенін растады.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот шешімімен күдіктілер екі ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті есірткі заттарының заңсыз айналымымен күрес ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі болып қала беретінін атап өтті. Полицейлер өңірде тыйым салынған заттарды жеткізу, сақтау және тарату арналарына тосқауыл қою бойынша белсенді жұмыс жүргізуді жалғастыруда.
Polisia.kz : https://polisia.kz/ru/politsiya-presekla-krupnyj-kanal-hraneniya-i-rasprostraneniya-narkotikov/