Жыңғылды ауылы тұрғындарымен ашық кездесу: полиция мен халық – тәртіп үшін бірге

Жыңғылды ауылы тұрғындарымен ашық кездесу: полиция мен халық – тәртіп үшін бірге

2025 жылғы 20 қазан – Жыңғылды ауылында Маңғыстау аудандық полиция бөлімінің қызмет жөніндегі орынбасары, полиция майоры Б. Берікбаевтың ауыл ақсақалдарымен кездесуі өтті.

Іс-шара ашық диалог форматындағы дөңгелек үстел түрінде өтіп, онда ауылдағы құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік мәселелері талқыланды. Кездесу барысында полиция майоры Берікбаев ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген мәселелерді сұрап, ақсақалдардың ескертулері мен ұсыныстарын тыңдады.

Кездесудің мақсаты — полиция мен халық арасындағы ынтымақтастықты нығайту, құқық қорғау органдарына деген сенімді арттыру, сондай-ақ ауыл тұрғындарын мазалайтын әлеуметтік және құқықтық мәселелерді бірлесіп шешу жолдарын қарастыру.

Кездесу соңында полиция өкілі көтерілген барлық мәселелер ескерілетінін айтып, алдағы уақытта тұрғындармен өзара әрекеттестікті жақсарту және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында нақты қадамдар жасалатынын жеткізді.