«Заңсыз-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

«Заңсыз-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

ҚР Ішкі істер министрлігінің 2025 жылғы 3 қазандағы нұсқамасына сәйкес, ағымдағы жылдың 13–17 қазан аралығында Маңғыстау облысы аумағында «Заңсыз-2025» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның мақсаты — құқықбұзушылықтардың алдын алу, заңсыз көші-қон және көші-қон заңнамасының бұзылуы фактілерін анықтау, сондай-ақ тиісті шаралар қабылдау арқылы мұндай әрекеттердің жолын кесу.

Полиция қызметкерлерімен жүргізілген тексерулердің нәтижесінде екі күн ішінде барлығы 72 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі тіркелді, оның ішінде:

  • ҚР ӘҚБтК 517-бабының 3-бөлігі (шетел азаматының немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында тіркеусіз не құжатсыз тұруы) бойынша – 29 хаттама;

  • ҚР ӘҚБтК 517-бабының 4-бөлігі (уақытша болу мерзімін бұзу) бойынша – 21 хаттама;

  • ҚР ӘҚБтК 517-бабының 5-бөлігі (тұру мерзімі өткеннен кейін елден шықпау) бойынша – 5 хаттама;

  • ҚР ӘҚБтК 517-бабының 7-бөлігі (шетел азаматының Қазақстанда рұқсатсыз жұмыс істеуі) бойынша – 1 хаттама.

Қазіргі уақытта анықталған құқық бұзушылықтар бойынша әкімшілік өндірістер жүргізілуде.

Мұндай іс-шаралар көші-қон саласындағы құқықтық тәртіпті нығайтуға және заңсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған. Профилактикалық жұмыс облыс көлемінде жалғасатын болады.