
2025 жылдың 3 қазанында Маңғыстау облысы Полиция департаментінің нұсқау хатына сәйкес, Мұнайлы ауданы, Батыр ауылында орналасқан «№19 жалпы білім беретін мектеп» КММ-де жоғарғы сынып оқушылары арасында «Біз буллингке қарсымыз!» атты танымдық-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың, соның ішінде ауыр, аса ауыр және топтасып жасалатын құқыққа қарсы әрекеттердің алдын алу, сондай-ақ мектеп оқушыларының құқықтық мәдениетін арттыру, зорлық-зомбылыққа және буллингке жол бермеу.
Шараға мектеп ұжымы, жоғары сынып оқушылары және ювеналдық полиция қызметінің өкілі – полиция майоры С. Тоқаев арнайы қатысып, оқушылармен ашық форматта кездесу өткізді.
Кездесу барысында буллингтің түрлері (вербалды, физикалық, кибербуллинг), оның психологиялық және құқықтық салдары кеңінен түсіндіріліп, жасөспірімдерге өз құқықтарын қорғау жолдары мен өмірде кездесуі мүмкін қиын жағдайларда көмек сұраудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мұндай алдын алу бағытындағы іс-шаралар жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, оқу орындарында қауіпсіз, достық қарым-қатынасқа негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Біз біргеміз! Біз буллингке қарсымыз!