2025 жылғы 5 қазанда сағат 13:45 шамасында Жаңаөзен қаласының Өркен шағын ауданындағы «Нұр» сауда ойын-сауық орталығының алдындағы тас жолда Audi маркалы автокөлік өртенді.
Оқиға орнына жедел түрде Жаңаөзен қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция қызметінің «Тұлпар-2» жасағы келіп жетті. Жасақ құрамында:
– ППР аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Р. Сағынжан,
– ППР аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Ғ. Төлегенов болды.
Полицейлердің жедел және үйлесімді іс-қимылының нәтижесінде от дер кезінде оқшауланып, толықтай сөндірілді. Қызметкерлер азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, өрттің одан әрі таралуына жол бермеді.
Өрттің шығу себебі анықталу үстінде. Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.