Өңірде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында 1 қыркүйектен бастап «Учаске» жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Учаскелік инспекторлар көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындардағы тәртіпті қадағалауды жалғастыруда. Сонымен қатар, тұрғындармен кездесіп, ақпараттық және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шара барысында қалалық полиция басқармасының қызметкерлері, сондай-ақ бұрын сотталған тұлғаларды тексеру жұмысын бастады. Пробация қызметінің есебінде тұрған 367 тұлғаның 135-і тексерілді.
Рейдтік шараларды полиция қызметкерлері мен пробация қызметінің инспекторлары бірлесіп жүргізді. Негізгі мақсат — сотталғандардың құқық бұзушылық жасау ықтималдығын төмендету және қылмыстың қайталануын болдырмау.