30 тамыз күні Маңғыстау облысы полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Департамент бастығы, полицияның генерал-майоры Сағындық Аяғанов жеке құрамды мемлекеттік мерекемен құттықтап, қызметтері үшін алғыс білдірді.
ҚР ішкі істер министрі Ержан Саденовтің бұйрығымен 22 қызметкер, Маңғыстау облысы ПД бастығы Аяғанов Сағындық Күзембайұлының атынан 25 қызметкер марапатталды.
Сонымен қатар, 23 ІІО ардагері марапатталды. Оларға құрмет грамоталары мен алғыс хаттар КСРО ІІМ-нің еңбек сіңірген қызметкері, ҚР ІІМ-нің құрметті ардагері, «Қазақстанның ІІО және Ұлттық ұлан ардагерлері ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Болсамбеков Өмірзақ Қоспанұлының атынан табысталды.
🛡️ Бұл іс-шара полиция қызметінің тек міндет емес, сонымен қатар ар-намыс ісі екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Мұндай марапаттар ұжымды рухтандырып, қызметтік міндеттерін адал атқаруға ынталандырады.