Қауіптің жолын кесетін жанкешті маман

Қауіптің жолын кесетін жанкешті маман

Полиция қызметі десе, көпшіліктің көз алдына формадағы тәртіп сақшысы елестейді. Алайда, қауіптің алдын алуда көрінбейтін, бірақ шешуші рөл атқаратын мамандар бар. Солардың бірі – «102» жедел басқару орталығының операторы Бейбітхан Досалы. Ол күн сайын жүздеген адамның жанайқайына құлақ түреді, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы.

Күн сайын келіп түсетін хабарламалардың арасында тұрмыстық жанжалдар, жол апаттары, ұрлық пен із-түзсіз жоғалғандар туралы деректер жиі кездеседі.

Диспетчер бір уақытта бірнеше міндетті қатар атқарады – нақты мекенжайды анықтау, оқиғаның мән-жайын тіркеу және ақпаратты жедел түрде тиісті полиция қызметкерлеріне жеткізу.

- Біздің жұмыс күніміз таңғы сапқа тұрудан басталады. Кезекшілік басталмас бұрын басшылықтан нұсқаулық аламыз, ақпараттық жүйелердің жұмысын тексереміз. Әрбір қоңырауға дер кезінде жауап беру – біздің басты міндетіміз, - деді Бейбітхан Досалы.

«102» қызметі – халық пен құқық қорғау органдары арасындағы алтын көпір. Бұл жерде қызмет ететін әрбір оператордың басты қағидасы – жеделдік, дәлдік және сабыр.

https://www.instagram.com/reel/DNDj7jtocHf/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==