Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер жалғасуда

Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер жалғасуда

Жазғы демалыс күндері Маңғыстау облысы Полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметі бірлесіп, республикалық маңызы бар «Атырау–Бейнеу» автожолында рейдтік іс-шаралар өткізуде.

Мақсат — жол-көлік оқиғаларының алдын алып, апатты учаскелерде ауыр және қайғылы салдарға жол бермеу. Тәртіп сақшылары жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, «Заң мен тәртіп» қағидатын еске салады.

Шара аясында патрульдік полиция мен әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесе жұмыс атқарып, жол бойындағы нарядтардың тығыздығы арттырылды. Жол қозғалысы ережелерін елемейтін жүргізушілерді анықтау үшін дрондар мен жасырын патрульдер қолданылуда.

Полиция барлық жүргізушілерді жол белгілерін сақтауға, ережелерді бұзбауға және әр сапардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Есте сақтаңыз: жол қателікті кешірмейді!

https://www.instagram.com/reel/DLuzKjcsdsE/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==