Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер күшейтілді

Маңғыстауда жол қауіпсіздігіне бағытталған рейдтер күшейтілді

Сенбі-жексенбі және жазғы демалыс күндері Маңғыстау облысы Полиция департаменті мен жергілікті полиция қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Республикалық маңызы бар «Жетібай – Жаңаөзен – Кендірлі» автожолында рейдтік іс-шаралар мен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Шараның мақсаты — апатты учаскелерде жол-көлік оқиғаларының алдын алу, ауыр және орны толмас салдарға жол бермеу.

Жергілікті полиция және әкімшілік полиция қызметкерлері бірлесе отырып, жол бойындағы патрульдік нарядтардың тығыздығын арттырды. Сонымен қатар, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзатын жүргізушілерді анықтау үшін дрондар мен жасырын патрульдер пайдаланылуда.

Полиция жүргізушілерге жол белгілерін сақтап, қозғалыс ережелерін бұзбауға кеңес береді. Әрбір сапар — жауапкершілік.

Жол — қатеге төзбейді. Сақтықта қорлық жоқ!

https://www.instagram.com/reel/DLu1qNOMk12/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==