Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды

Миграциялық қызметтің көмегімен жасөспірім алғаш рет жеке куәлік алды

2025 жылғы 21 мамырда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Миграциялық қызмет басқармасына жасөспірім жастағы азаматша Қазақстан Республикасының жеке куәлігін алу мақсатында жүгінді. Бұған дейін ол тек туу туралы куәлікпен ғана тіркелген.

Миграциялық қызмет басқармасының қызметкерлері тарапынан ұсынылған барлық құжаттар мұқият тексеріліп, заң талаптарына сай рәсімделді. Азаматша Маңғыстау облысының тумасы бола отырып, анасының Қазақстан Республикасының азаматтығына ие болуына байланысты, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 3-бабына сәйкес, Қазақстан азаматтығы танылып, жеке куәлік алу процесі заң шеңберінде жүргізілді.

Көрсетілген көмек үшін азамат тарапынан алғысы білдірілді. Ол өз алғысын миграциялық қызмет қызметкерлеріне жеткізді.

Маңғыстау облысы бойынша миграциялық қызмет азаматтардың құқықтарын сақтау мен заңды құжаттандыру үдерісін сапалы жүргізуді жалғастыра береді.

https://www.instagram.com/reel/DLb02W3M9cm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==