Азаматтардың тәртіпке бағынуы – бейбіт өмір мен қауіпсіз ортаның кепілі

Азаматтардың тәртіпке бағынуы – бейбіт өмір мен қауіпсіз ортаның кепілі

2025 жыл – Профилактика жылы деп жарияланғанына байланысты, қаладағы патрульдік полиция қызметкерлері тұрғындарды, қонақтарды және барлық жүргізушілерді құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті сақтауға шақырады.

Полиция қызметкерлері күндіз-түні ел тыныштығының, жол қауіпсіздігінің және қоғамдық тәртіптің күзетінде. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Сол себепті тәртіп сақшылары тұрғындардан өзара түсіністік пен заңға құрметпен қарауды сұрайды.

Азаматтардың тәртіпке бағынуы – бейбіт өмір мен қауіпсіз ортаның кепілі. Әсіресе көлік тізгіндеген азаматтарға жол жүру ережелерін қатаң сақтау, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарау және абай болу қажет.

Патрульдік полиция басқармасы барлық жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді еліміздің заңдарын құрметтеуге, қоғамдық орындарда тәртіп сақтауға және қоғам тыныштығын бірге қорғауға шақырады.

Әр азаматтың саналы әрекеті – қоғамдық қауіпсіздіктің берік негізі.