Полиция қызметкерінің әрбір қызметтік күні – қоғам тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған

Полиция қызметкерінің әрбір қызметтік күні – қоғам тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған

Тәулік бойғы кезекшілік барысында тәртіп сақшылары көшелерде, қоғамдық орындарда, жол қозғалысында құқық бұзушылықтардың алдын алып, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Бүгінгі тәулік те тыныш өтуде. Қала тұрғындары мен қонақтары заң талаптарын сақтап, тәртіпке бағынуда. Бұл – полиция мен қоғам арасындағы сенім мен өзара түсіністіктің көрінісі.

Полиция жұмысы «Заң және Тәртіп» қағидаты негізінде жүзеге асады. Бұл қағида – азаматтардың құқықтарын қорғау мен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудің басты негізі. Әрбір азаматтың заңды сақтауына деген жауапкершілігі – полиция қызметінің нәтижелі болуына ықпал етеді.

Полиция әрдайым тәртіп пен қауіпсіздіктің қорғаны ретінде тәуліктің әр сәтінде қызметте. Қоғам тыныштығы – бәрімізге ортақ құндылық.