Қазақстан Республикасы Полициясы күніне орай Маңғыстау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері ерекше әрі күтпеген сыйға ие болды. “Romantic” гүлдер орталығы Заң мен тәртіп күзетінде тұрған қызметкерлерге, әсіресе ер азаматтармен иық тірестіре қызмет етіп жүрген нәзік жанды полицейлерге алғысын білдіру мақсатында игі іс жасады.
Гүл орталығының өкілдері департаментке арнайы келіп, барлық әйел қызметкерлерге әдемі гүл шоқтарын тарту етіп, кәсіби мерекелерімен құттықтады. Бұл жылы лебіз – ішкі істер органдарында қызмет атқаратын әйелдердің еңбегіне деген құрмет пен ризашылықтың белгісі болды.
Полиция департаментінің нәзік жанды қызметкерлері осындай көңілден шыққан сыйлық пен ізгі тілектер үшін алғыстарын білдірді.
Осындай игі бастамалар полицейлердің еңбегінің ескеріліп, бағаланатынын көрсетеді. Ал халықтың қолдауы – қоғам игілігі жолында қызмет етуге шабыт береді.