Өтініш берудің жолдары

Өтініш берудің жолдары

Маңғыстау облысының тұрғындарының назарына!

Маңғыстау облысының Полиция департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына полиция департаментіне және қалалық, аудандық полиция бөлімдеріне өтініштерді беру тәртібін еске салады.

🔹 Өтініш берген кезде алдымен дұрыс адресатты таңдау қажет.
Мысалы, Ақтау қаласының тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі бойынша өтініш жолдайтын болса, өтінішті Ақтау қалалық Полиция басқармасы қабылдайды. Егер өтініш басқа мекемеге қате жолданса, ол тиісті органға қайта бағытталады.

🔹 Өтініш берудің жолдары:
– Тікелей тиісті әкімшілік органға беру арқылы,
– Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы,
– Egov.kz порталы немесе “e-Өтініш” платформасы арқылы,
– ҚазПочта арқылы жолдауға болады.
– Әлеуметтік желі арқылы жолдауға болмайды.

🔹 Өтініштерді қарау мерзімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.