Сала ардагерлері өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас полицейлерге ақ жол тіледі

Сала ардагерлері өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас полицейлерге ақ жол тіледі

 Ақтау қаласы ПБ саптық жиын өтіп, жас мамандары салтанатты түрде ант қабылдады. Іс-шараға басқарма басшысы, сала ардагерлері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Саптық жиын барысында ант қабылдаған жас тәртіп сақшылары өздерінің Отанға адал қызмет етуге, заң мен тәртіпті қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға ант берді.

Салтанатты рәсімде сөз алған басқарма басшысы жас қызметкерлерге жауапты қызметтерінде сәттілік тілеп, олардың полиция қызметінің абыройын арттырып, ел қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үлгі боларына сенім білдірді. Сала ардагерлері өз кезегінде өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, жас полицейлерге ақ жол тіледі.

https://www.instagram.com/reel/DK4iowFMHvt/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==