Маңғыстау полицейлері соңғы қоңырау күндерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша саптық жиын өткізді

Маңғыстау полицейлері соңғы қоңырау күндерінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша саптық жиын өткізді

Бүгін Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастығы, генерал-майор Аяғанов Сағындық Күзембайұлы жеке құраммен саптық жиын өткізіп, Ішкі істер министрінің соңғы қоңырау мен мектеп бітіру іс-шаралары кезіндегі қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жөніндегі тапсырмаларын жеткізді.

Осыған орай, облыс полицейлері күшейтілген қызмет атқару тәртібіне көшті. Бұл — патрульдеу бағыттарын арттыруға, жедел әрекет етуге және адамдар көп жиналатын орындарды бақылауға мүмкіндік береді.

Жиында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ суға түсу кезінде болатын оқыс оқиғаларды болдырмау мәселелері көтерілді.
Қауіпсіздік шарасы ретінде тыйым салынған және қараусыз жағажайларда суға шомылуға қатаң тыйым салынатыны ескертілді.

Полиция қызметкерлеріне мектептерде түсіндіру жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдердің жиналатын орындарында бақылауды күшейту тапсырылды. Сонымен қатар ата-аналар мен бітіруші түлектерге балалардың қауіпсіздігі — баршаға ортақ міндет екені ескертілді.

Полиция департаменті соңғы қоңырау күні жарқын да қауіпсіз естелікке айналуы тиіс екенін атап өтті.