Ақтауда мектеп директорларымен оқушылар арасындағы жанжалдар мен буллинг мәселелері талқыланды

Ақтауда мектеп директорларымен оқушылар арасындағы жанжалдар мен буллинг мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жумагулов Ильяс Байжуманович Ақтау қаласындағы мектептер мен колледждердің директорларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында білім беру ұйымдарындағы оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мектепішілік төбелестер мен буллингтің алдын алу мәселелері қаралды.

Тараптар жасөспірімдер арасындағы агрессияның себептері, жанжалдарды ерте анықтау маңыздылығы, сондай-ақ оқу орындарында қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудағы педагогтердің рөлі туралы пікір алмасты. Сонымен қатар, мектептер, құқық қорғау органдары және ата-аналар арасындағы тығыз ынтымақтастықтың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу қорытындысы бойынша профилактикалық жұмыстарды күшейту, оқушылармен тұрақты түрде түсіндіру әңгімелерін өткізу және буллинг пен зорлық-зомбылық фактілеріне жедел әрекет ету бойынша нақты ұсыныстар берілді.