6 ақпан 2025 жылы Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Нашақорлыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен Кинологиялық қызмет орталығында Мемлекеттік шекара қызметі және Экономикалық тергеу департаментінің өкілдерімен бірлесіп, есірткі құралдарын іздеудегі тәжірибе алмасу және жұмыс жүргізу бойынша ведомаралық тренинг ұйымдастырылып, өткізілді. Тренинг барысында қонақтарға кинологиялық орталықтың материалдық-техникалық базасы мен оқу алаңдары таныстырылып, кинологтар мен қызметтік-іздестіру иттерінің көрсетілімдері өткізілді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023-2025 жылдарға арналған Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспарының 31, 32 және 34 тармақтарын орындау, сондай-ақ Маңғыстау облысының шекаралас аймақтарында есірткі құралдарын контрабандалық жолмен елге әкелу, тасымалдау және транзиттеу фактілерін болдырмау мақсатында жергілікті жерлерде бірлесіп іс-шаралар өткізу үшін жүзеге асырылды.
2025 жылдың 26 қаңтарында шамамен 14:50-де Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері Жаңаөзен қаласының «Шаңырақ» ықшамауданында жылдам әрекет ету арнайы бөлімшесінің жауынгерлерімен бірлесіп жедел-іздестіру шараларын өткізді. Нәтижесінде 2004 жылы туған Жаңаөзен қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық құқықбұзушылық жасады деген күдікке ілінді.
Тергеу барысында күдікті өзінің танысына интимдік фото және видеоматериалдарды жариялаймын деп қорқытып, одан 600 000 теңге бопсалағаны анықталды. Қылмыстың мән-жайы тергеу әрекеттері барысында анықталуда.
Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тінту кезінде күдіктіден қылмыс жасалғанын растайтын айғақ заттар, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған 300 000 теңге тәркіленді.
Полиция қызметкерлері күдіктінің кінәсін толық анықтау үшін қажетті тергеу іс-шараларын жүргізуде.
https://www.instagram.com/reel/DFZY2fftVN0/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылдың 25 қаңтарында Ақтау қалалық полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Ақтау қаласының аумағында бұрын бірнеше рет ұрлық жасағаны үшін сотталған 37 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.
Күдіктінің Ақтау қаласындағы кафелердің бірінен төрт мобильді телефон ұрлағаны анықталды.
Күдікті қылмыстық іс бойынша фигурант ретінде танылып, заттай айғақтар тәркіленді.
Сонымен қатар, оның бұрын жасалған осындай қылмыстарға қатыстылығын тексеру барысында, 2024 жылдың 4 желтоқсанында Ақтау қаласындағы дүкеннен мобильді телефон, ақша және басқа да заттарды ұрлағаны белгілі болды.
Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Ақтау қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
https://www.instagram.com/reel/DFafQO2M15m/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
2025 жылғы 28 қаңтарда Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Наркотикалық қылмыстарға қарсы басқармасы мен Ақтау гарнизонының Әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің қызметкерлері №29011 әскери бөлімнің әскери қызметшілері үшін жаңа әдістер бойынша лекция оқып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Лекция барысында азаматтарды наркобизнеске тартудың қауіпті тәсілдері, есірткіні қолданудың зияндылығы және есірткі заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік туралы айтылды.
Сонымен қатар, әскери қызметшілерге есірткі қолдану салдарынан болатын қайғылы жағдайлар туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне және есірткі заттардың айналымын реттейтін басқа да заңдарға енгізілген жаңа өзгерістер туралы ақпарат берілді.
Ақтау гарнизонының әскери қызметшілері арасында профилактикалық шаралар тұрақты түрде жүргізіліп келеді, олар бірлескен іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
https://www.instagram.com/reel/DFckalxsvF2/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Маңғыстауда «Stop Synthetic Mangystau» telegram-боты іске қосылды
Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының бастамасымен, Маңғыстау облысының прокуратурасы, полиция департаментінің үйлестіруімен синтетикалық есірткінің таралуын болдырмау мақсатында «Stop Synthetic Mangystau» telegram-боты іске қосылды, деп хабарлайды Қоғамдық коммуникация орталығы Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталған бот арқылы азаматтар синтетикалық есірткіні тарату және қолдану жағдайларын, сондай-ақ түрлі есірткі қылмыстары, интернет-дүкендерде есірткі сату бойынша сілтемелер туралы туралы анонимді түрде хабарлай алады. Барлық хабарлама толықтай құпия сақталады және тиісті органдарға шаралар қабылдау үшін жеткізіледі.
Шағымыңыз қысқа мәтін, сурет, видео, сілтеме үлгісінде қабылданады. Сіздің қырағылығыңыз есірткі айналымына қарсы күресте және өңіріміздің қауіпсіздігін сақтауға көмектесуі мүмкін.
Боттың мекен-жайы: https://t.me/StopSyntheticMangystauBot
WhatsApp чаттарында мектептерде балаларға «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі – кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін екендігі туралы ақпарат таралуда. Алайда бұл таралым шындыққа жанаспайды.
Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдарды тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпаратты тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаларды таратпастан бұрын барлығын мұқият тексеріп алған жөн.
Сонымен қатар біз ата-аналарға балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын еске саламыз.
https://www.instagram.com/p/DFwqsG9s7Pm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Мұнайлы ауданында есірткі мен интернет алаяқтыққа қарсы құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілуде
Мұнайлы ауданы Полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері мен учаскелік полиция инспекторлары бірлесе отырып, ауданның базарларында және теміржол вокзалдарында азаматтарға Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған «Есірткінің заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері» туралы Заңдағы өзгерістерді түсіндіріп, 2025 жылғы 3 наурыздан бастап күшіне енетін заңның құқықтық салдары мен қазіргі таңда белең алған интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша жаднамалар таратып, түсінік жұмыстарын жүргізуде.
Азаматтарға есірткі қолданудың салдары, заңсыз айналымдағы есірткімен байланысты қылмыстарға қатысты қатаң жазалар мен айыппұлдар туралы толық ақпарат берілді. Полиция қызметкерлері интернет алаяқтықтың әдістері мен олардан қорғану жолдарын түсіндіріп, тұрғындардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында ұсыныстар айтты. Бұл шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
https://www.instagram.com/reel/DFQnzT3MZ9j/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Маңғыстау облысы Полиция департаменті 2025 жылғы 5 сәуірден бастап заңнамалық өзгерістер күшіне енетінін ескертеді, бұл мопедтерді механикалық көлік құралдарына теңестіреді.
Аталған күннен бастап мопедтерді пайдалану тек полицияда тіркеуден өткен, A1, A және B санатындағы жүргізуші куәлігі, техникалық тексеруден өткен және азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Мопедтерді тіркеу үшін арнайы ХҚКО-ға жүгіну қажет:
1. Ақтау қаласы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы: м/ж Өнеркәсіптік аймақ 9, 57 учаскесі.
Қажетті құжаттар:
• Жеке куәлік (электронды түрде көрсетуге болады);
• Техникалық құжат немесе мопедтің техникалық сипаттамалары туралы мәліметтер;
• Өтініш толтыру;
• Мопедті тексеруден өткізу;
• Тіркеу үшін мемлекеттік баж салығын төлеу: мопедті тіркеу үшін 0,25 АЕК (983 тг.), тіркеу куәлігін беру үшін 1,25 АЕК (4 915 тг.), және мемлекеттік нөмір алу үшін 1,4 АЕК (5 505 тг.).
Сондай-ақ, 2025 жылғы 5 сәуірден бастап тіркелмеген мопедтерді пайдалану және жүргізуші куәлігінсіз басқаруға тыйым салынатынын ескере отырып, Маңғыстау облысы Полиция департаменті мопед иелерін алдын ала тіркеуден өтуге және жүргізуші куәлігі жоқ адамдарға мопед жүргізу құқығын алу үшін автокөлік мектептерінде оқуға кеңес береді.
Маңғыстау облысы Полиция департаменті мопедтерді тіркеу және жүргізуші куәлігін алу мәселелерін соңғы күндерге қалдырмауды ұсынады.
Қосымша сұрақтар бойынша сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін келесі телефон нөмірлеріне хабарласыңыз:
8-701-777-43-62; 8-775-991-77-77; 47-45-89.
https://www.instagram.com/reel/DFLf6jusMRA/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғаларының жиілеуі мен көлік құралдары жүргізушілерінің жол жүрісі ережелерін өрескел бұзу жағдайларының алдын алу мақсатында арнайы профилактикалық жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері облыс бойынша 102 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, оның нәтижесінде 6 адам қаза тауып, 141 адам әртүрлі дене жарақаттарын алған. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Тілекберген Селбаев хабарлады.
Спикердің айтуынша, бұл көрсеткішке Ақтау, Жаңаөзен қалалары Мұнайлы және басқа да аудандарда орын алған жол-көлік оқиғалары кіреді.
- Маңғыстау облысы Полиция департаментінің бастамасымен облыс аумағында жол-көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру мақсатында 23-26 және 29-31 қаңтар аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында Полиция департаменті мен басқа да құқық қорғау органдарының қызметкерлері барлығы 429 адамды жұмылдырып, 478 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Атап айтқанда, 2 жүргізуші алкогольдік масаю күйінде, 71 жүргізуші ұялы телефон пайдаланып жол жүру ережелерін бұзған, 97 адам қауіпсіздік белдігін тақпаған, 38 көлік техникалық байқаудан өтпеген. Сондай-ақ, 36 автокөлік арнайы тұраққа қойылып, 19 мемлекеттік тіркеу белгісі алынды. Профилактикалық іс-шараның бірінші кезеңі кезінде сондай-ақ жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында БАҚ өкілдерімен, қоғамдық ұйымдармен және білім беру мекемелерімен бірлескен брифингтер мен кездесулер өткізілуде. Мектеп оқушылары мен студенттермен жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды,- дейді Тілекберген Селбаев.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, «Қазақавтожол» ЖШС және денсаулық сақтау қызметкерлерінің қатысуымен республикалық маңызы бар автожолдарда арнайы жадынамалар мен брошюралар тарату, апаттық-қауіпті учаскелердің карталарын таныстыру арқылы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қауіпсіздігі туралы ақпарат беру мақсатында «Жолдағы қабылдаулар» ұйымдастыру жоспарлануда.
https://www.instagram.com/p/DFNM8TqoU0A/?utm_source=ig_web_copy_link
Ішкі істер министрлігі шетелдегі қазақстандықтарға алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті, - деп хабарлайды Polisia.kz. Біздің мыңдаған азаматтарымыз шетелдерде оқуда немесе жұмыста. Олар өзара Telegram және WhatsApp-чаттарын құрып, ақпарат алмасып, бір-біріне көмектеседі. Мұны алаяқтар да пайдалануы мүмкін. Қаскөйлер осындай чаттарға қосылып, өздерін қазақстандық азамат ретінде таныстырып, әдеттегіден тиімді шарттармен валюта айырбастау қызметін ұсынады. Бірақ ақшаны ауыстырғысы келетіндерді байланыстырмай, алаяқтар криптовалюта сатумен айналысатын адамдардың немесе дроптардың шоттарын жібереді. Түскен қаражатты алғаннан кейін олар хат-хабарларды өшіріп, чаттардан шығып кетеді. Кореяда, Қытайда және АҚШ-та осылай алдау жағдайлары орын алды. - Азаматтарды сақ болуға және күмәнді ұсыныстарды қабылдамауға шақырамыз, - деді ведомствода.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/iim-sheteldegi-qazaqstandyqtargha-alayaqtyqtyng-zhanga-turi-turaly-eskertti/