

Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы хабарлайды.
Ағымдағы жылдың 23-25 қыркүйек аралығында Маңғыстау облысының аумағында «Қауіпсіздік коды: 102-11-150» республикалық акциясы өтеді.
Акцияның негізгі мақсаты – азаматтар мен отбасыларды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту.
Сонымен қатар, іс-шара аясында полиция жұмысының тиімділігін, азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттыру, сондай-ақ полиция мен халық арасындағы өзара іс-қимыл мен сенімді нығайту жоспарлануда.