ҚР ІІМ логотипі
ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы

Ақтауда «Стоп Сталкинг» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтауда «Стоп Сталкинг» акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Ақтау қаласы аумағында өтіп жатқан «Стоп Сталкинг» акциясы шеңберінде ағымдағы жылдың 10 ақпан күні Ақтау қаласы Полиция басқармасының ҚҚБ ОТЗЗҚКб қызметкерлері профилактикалық іс-шара өткізді.

Аталған іс-шараның мақсаты – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-1-бабында көзделген «Сталкинг» құқық бұзушылығы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Полиция қызметкерлері Ақтау қаласының 11-шағын ауданында орналасқан Есенов колледжінің студенттерімен кездесу өткізіп, сталкинг ұғымы, оның белгілері, жауапкершілік түрлері және құқықтық салдары туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар жастарға қудалау, қорқыту, жеке өмірге заңсыз араласу фактілері орын алған жағдайда дереу құқық қорғау органдарына жүгіну қажеттігі түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттерге жеке қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік желілердегі киберқудалаудан сақтану жолдары және құқықтық көмек алу мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді.

Полиция өкілдері зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік қағидатын ұстану және заң талаптарын сақтау – әр азаматтың міндеті екенін атап өтті.

Ақтау қаласы Полиция басқармасы жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырады.

https://www.instagram.com/reel/DUmxyH4jEEC/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

 

Социальные медиа
twitter.com
facebook.com
youtube.com
instagram
vk.com
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты