Ағымдағы жылғы 21 мамыр күні сағат 11:00-де Қызылорда қаласындағы Достық үйінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Ергешов Серік Жүрсінбайұлының халықпен кездесуі өтеді. Кездесу барысында Департамент бастығы жыл басынан атқарылған жұмыстар туралы баяндайтын болады.
Сұрақтар және ұсыныстар туындаған жағдайда әлеуметтік желілердегі Департаменттің ресми парақшаларына (мессенджер) немесе press–sluzhba–dvd@mail.ru электрондық мекенжайға жолдауларыңызға болады.