Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған

Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған


Қызылорда облысының тұрғыны өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған Авторы Шұғыла Тұрлыбек 15 Мамыр 2025 ж., 08:01 жарияланған 57 Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты бойынша жұмысты жалғастыруда. ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісі және Бас прокуратураның бірінші қызметі бірлескен жұмыстың нәтижесінде мамырдың алғашқы онкүндігінде бір синтетикалық және үш фитозертхананың қызметін тоқтатты, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қызылорда облысындағы "Шеп" стационарлық бекетінде қызметтік ит жолаушыдан марихуана салынған ораманы тапты. Жаңақорған кентінде оның тұрғылықты жерін тінту кезінде 4190 каннабис бұтасы бар плантация анықталды. - Тұрғын үй фитозертхана ретінде жабдықталған. Жатын бөлмесінде тағы 14 бұта табылды. Тәркіленген есірткі құралдарының жалпы салмағы 55 келіден асты. Осы фактілер бойынша 91 келіден астам есірткі заттары, оның ішінде 7 келіге жуық синтетика мен есірткі өндіруге арналған бір тонна прекурсор тәркіленді. Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда, - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының міндетін атқарушы Данияр Мейірхан.