Қызылордада «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасының 18 күнінде 102 ата-ана жауапкершілікке тартылды

Қызылордада «Жасөспірім» алдын алу іс-шарасының 18 күнінде 102 ата-ана жауапкершілікке тартылды

 

 «Жасөспірім» жедел профилактикалық іс-шарасы нәтижесінде 18 күнімен барлығы 1067 түрлі әкімшілік хаттамалар рәсімделсе, 20 жасөспірім ішкі істер органдарының есебіне алынды, қадағалаусыз және панасыз қалған 26 жасөспірім кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына жатқызылды.

Әкімшілік кодексінің 127-бабы бойынша, ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін барлығы 102 ата-анаға хаттама толтырылды.

Кодекстің 132-бабы (Кәмелетке толмағандардың түнгi уақытта ойын-сауық мекемелерiнде болуына жол беру)- 20, Кодекстің 423-1-бабы (Жиырма бір жасқа толмаған адамдарға темекіні және темекі бұйымдарын сату)  бойынша 6 құқық бұзушылық анықталды.

Кодекстің 434-2-бабы (ортақ пайдаланатын орындарды ластау) бойынша 29 құқық бұзушылық анықталды.

Ал, кодекстің 435-бабы (кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық) бойынша 19 дерек анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.

Кодекстің 437-бабы (түнгі тыныштық бұзу) бойынша 15  және           449-бабы (қоғамдық орындарда тиісу) бойынша 7 кәмелетке толмаған анықталып, оларға әкімшілік хаттамалар рәсімделді.

Сондай-ақ, кодекстің 442-бабы (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін кәмелетке толмағандар түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз ойын-сауық мекемелерінде болуы және сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғын жайдан тыс жерде болуы) бойынша барлығы 864 кәмелетке толмаған анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама толтырылды.

Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу, оқыту және (немесе) бағып-күту жөніндегі өздерінің міндеттерін орындамайтын, олардың мінез-құлқына теріс әсер ететін кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен заңды өкілдерінің профилактикалық есебіне 28 ата-ана алынды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.