Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы жылдың сәуір айынан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталған болатын.
Экологиялық заңнаманы бұзу фактілерін анықтауға және жолын кесуге, сондай-ақ елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жандандыруға бағытталған бұл акция Қызылорда облысының аумағында да өтуде.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен "Таза Қазақстан" акциясы аясында 3200-ден астам құқық бұзушылық анықталып, құқық бұзушылар әкімшіліқ жауапкершілікке тартылды.
Оның ішінде абаттандыру қағидаларын бұзудың 2 193, ортақ пайдаланылатын орындарды ластаудың 1 045 дерегі анықталып, 20 млн – нан астам айыппұл салынды.
"Таза Қазақстан" республикалық акциясын өткізу мақсатында 23 мобильді топ құрылып, 3 720 бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіліп, нәтижесінде 5 стихиялық қоқыс орындары анықталды.