Қызылорда облысында ТТО объектілерге тексеру жүргізілуде

Қызылорда облысында ТТО объектілерге тексеру жүргізілуде
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес полиция өз кезегінде террористік тұрғыдан осал 904 нысанды (бұдан әрі – ТТО объектілері) терроризмге қарсы қорғауды қамтамасыз етуге мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады.
Бұл адамдар көп жиналатын, аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті-өндірістік объектілер. Бұлардың көпшілігі білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт сияқты адам көп жиналатын орындар.
ТТО объектілерін тексеру кезінде полиция қызметкерлері объектінің техникалық нығайтылуын, сондай-ақ персоналдың террористік сипаттағы қауіп-қатерлерге ден қою жөніндегі білімі мен дағдыларын тексереді.
Ағымдағы жыл басынан бері 37 нысан тексеріліп, оның 10 объектісі талапқа мүлдем сәйкес келмеуіне байланысты ҚР ӘҚБтК 149-бабы бойынша әкімшілік шара көріліп, 7 объектіге кемшіліктерді жою туралы нұсқама берілді. Қалған 20 объекті талаптарға сай келетіні анықталды.
Бұл терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы тексерулер нысандар талапқа толық сәйкестендірілгенге дейін жүргізілетіндігін объекті басшыларының назарына саламыз!