Қызылорда облысында полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғын ұйымдастырған фитолабораторияның заңсыз қызметін анықтап, тоқтатты.
Оқиға орнында сарайдың ішінде фитозертхана жасаған 52 жастағы ер адам ұсталды. Бөлменің қабырғалары пластик фольгамен қапталған. Тексеру барысында өсімдіктерді өсіруге арналған жарықдиодты жарықтандыру құрылғылары және суаруға арналған құрал – саймандар тәркіленді.
Полиция қызметкерлері зертхана ішінен 214 түп қарасора заттай дәлелдеме ретінде тәркіледі. Сараптама қорытындысына сәйкес тәркіленген есірткі заттардың жалпы салмағы 3 кг. 980 гр. екені анықталды.
Одан бөлек 8 дана газет қиындысына, 6 дана полиэтилен пакетіне және пластикалық бөтелкеге салынған өзіне тән ерекше хош иісі бар кептірілген шөп тәріздес заттар алынды. Сараптама қорытындысына сәйкес осы тәркіленген заттар жалпы салмағы 5 кг. 426 гр. «кептірілген марихуана», 4,65 гр. «гашиш» болып шықты.
Сотталушы сот шешімін күтіп қамауда болды. Сот үкім шығарды. Айыпталушы қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.