Қызылордада ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын сақтағаны үшін қала тұрғыны құрықталды

Қызылордада ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын сақтағаны үшін қала тұрғыны құрықталды

 

Қызылорда қаласында полиция қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 34 жастағы тұрғын ірі мөлшерде синтетикалық есірткі затын өткізу мақсатында сақтағаны үшін құрықталды.

Тексеру барысында  оның қалтасынан қара изолентамен оралған 10 дана ақ түсті өзіне тән ерекше өткір иісі бар ұнтақтар анықталды, сондай – ақ оның қала аумағында есірткі жасырған 30 нүктесі табылды.

Қала орталығынан жалға алған пәтерді тексеру және тінту барысында заттай дәлелдеме ретінде сұр түсті ұнтақ пакеті, сондай-ақ өлшеуге арналған электрондық таразы, фольга орамы, жабысқақ таспа, скотч, арнайы пакеттер тәркіленді.

Сараптама қорытындысымен тұрғын үйден тәркіленген ұнтақтың жалпы салмағы 261,138 грамм «а-пирролидиновалерофенен» немесе «a-PVP» психотроптық заттарға жататыны бекітілді.  Күдікті қамаққа алынып, тергеу жүргізілді.

     Сот синтетикалық есірткі затын таратқан 34 жастағы қызылордалыққа үкім шығарды. Ол кінәлі деп танылып, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айыруға сотталды.