Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі

Қызылордалық полицейлер екі тұрғыннан 2038 киік мүйізін тәркіледі

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының барысында Арал ауданы Сексеуіл кенті аумағында сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген жануарлардың дериваттарды сатумен айналысатын тұлғалар құрықталды.

Жүргізілген іс-шараның нәтижесінде аталған тұлғалардан 2038 дана киікті мүйіздері, электрондық өлшегіш таразы және 2 көлік құралдары тәркіленді.

Ұсталғандар тұлғалар уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.