Сала ардагерлерімен кездесу өтті

Сала ардагерлерімен кездесу өтті

Қызылорда облысы Полиция департаментінде ардагерлермен кездесу жиыны өтті.

Кездесуге департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Омаров Оралбек Тәубақабылұлы, Тәрбие және кадр жұмысы басқармасының бастығы мен орынбасары, Қызылорда облысы мамандандырылған күзет қызметі басқармасының, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының, жол полиция саласының ардагерлері, Қылмыстық-атқару Жүйесі департаментінің ардагерлер кеңестерінің, бастауыш ұйымдарының төрағалары, орынбасарлары, кеңес мүшелері қатысты.

Жиын барысында жуырда өткен Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері кеңесінің Пленумында қаралған мәселелер туралы сөз қозғалды. Адагерлер кеңесінің төрағасы Тұңғышбай Серікбол Қуатбайұлы осы және өзге де мәселелерге кеңінен тоқталды.

Жиынға қатысушылар еркін форматта пікір алмасып, ойларын ортаға салды. 

Бұдан бөлек, Тәлімгерлер кеңесінің жұмысын және барлық бастауыш ардагерлер ұйымдарының жұмыстарын жандандыру мәселесі туралы сөз қозғалды.