"Жедел жәрдем" жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жылға құқынан айырылды

"Жедел жәрдем" жүргізушісі мас күйінде көлік басқарғаны үшін 7 жылға құқынан айырылды
6 тамыз күні сағат 07-50 шамасында рейд барысында полиция қызметкерлері Қызылорда облысы Арал ауданының аумағында Самара-Шымкент М-32 тас жолында жедел жәрдем көлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер өзін бір түрлі ұстаған жүргізушінің ішімдік ішкендігін байқайды.
Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша жедел жәрдем жүргізушісі қызмет бабында қызметтік автокөлікті мас күйінде басқарғандығы анықталды. Аудандық соттың қаулысымен құқық бұзушы кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды және 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Айта кетерлігі, облыс аумағында 06-08 тамыз аралығында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру мақсатында "Қауіпсіз жол” жедел – профилактикалық іс – шарасы өтуде.