«ІТ TERGEU» жобасы аясында прокуратураның үйлестіруімен қызылордалық жедел уәкілдер үйлерге ұрлыққа түсуді табыс көзіне айналдырып келген адамдар тобын құрықтады.
Аталған топ Шиелі ауданында кезекті пәтер ұрлығын жасап, ізін суытпақ болған кезде қолға түсті.
Құрықталған үш күдіктінің бірі Абай облысының тұрғыны болса, екіншісі Ақмола облысының тұрғыны екендігі белгілі болды.
Тергеу барысында олар үй иелерінің жоқтығын пайдаланып, пластик терезелерді күштеп ашу арқылы үй ішіне заңсыз кіріп, ақша, құндыз тон, техника мен алтын бұйымдарды ұрлап келгендігі анықталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде жәбірленушілерге тиесілі алтын бұйымдар мен өзге де айғақ заттар заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынның жалпы сомасы 14 млн. теңгені құрады.
Бүгінгі күнде күдіктілер қамауға алынып, облыс аумағында 24 пәтер ұрлығын жасағандығы анықталып, өзге де ұқсас фактілерге қатыстылығы тексерілуде. Тергеу жалғасуда.
Өзге мән-жайлар Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 47-бабы және 201-бабы тәртібінде жариялануға жатпайды.
ҚР Конституциясының 77 - бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабының 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.