Қызылордада «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс- шарасы басталды

Қызылордада «АВТОБУС» жедел-профилактикалық іс- шарасы басталды
Облыс аумағында автомобиль жолдарында жолаушылар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды күшейту мақсатында «АВТОБУС» республикалық жедел- профилактикалық іс-шарасы басталды.
10 – 16 маусым аралығында өтетін іс-шара аясында көлік жолдарында ОПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы мен Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлерімен бірлесіп, алдын ала және кезең-кезеңімен, оның ішінде рейс алдында жүргізушіні медициналық қарау, олардың еңбек және демалыс режимін сақтауын қадағалау жоспарлануда.