5 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Қызылорда облысы Арал ауданының учаскелік полиция инспекторы ауылдағы жұмысы жайлы айтып берді

5 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген: Қызылорда облысы Арал ауданының учаскелік полиция инспекторы ауылдағы жұмысы жайлы айтып берді

Қызметі мен антына адал қасиетті Сыр елінің тәртіп сақшысы ерекше құрметке ие. Бұлай деуге себеп Қызылорда облысы ПД Арал ауданы полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Измағанбетов Ғалымжан Жомартұлы қызмет атқаратын Қаратерең және Жаңақұрылыс ауылында 5 жылдан бері бірде бір қылмыс тіркелмеген. Бұған азаматтардың тату-тәтті қатынаста болуы және учаскелік полиция  инспекторының қолға алған профилактикалық шаралары негіз деуге болады.

Өзгелерге үлгі көрсеткен бұл екі ауылда  3470 адам тұрады. 9 шаруа қожалығы бар. Ауыл балалары тағылымы мол 2 білім ошағында оқиды.

Ауыл тұрғындарының көбі мал ұстайды.Учаскелік инспектор Ғалымжанның айтуынша бұл ауылда  қоғамдық тәртіп күн сайын профилактикалық жұмыстар арқылы күшейтіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмасы  бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы негізгі буын учаскелік полиция инспекторларына берілген.Бұл ретте ішкі істер органдарының «отымен кіріп, күлімен шығып» жүрген учаскелік полицей Ғалымжанның жұмысы қауырт.  Халықтың қайнаған тіршілігің ортасында жүрген тәртіп сақшысы халыққа жақын болудың маңызын түсініп, әрбір тұрғынға көмек қолын созуға тырысады.

Учаскелік инспектор болғандықтан, ол бірінші кезекте ауыл тұрғындарымен және ақсақалдармен, жергілікті мектеп оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өзара байланыс орнатқан.

Ғалымжан Жомартұлының жұртшылық алдында жауапкершілігі мол жұмысын бастағанына 6 жыл болды. 2012 жылдан бастап ол ішкі істер саласында  абыройлы қызмет етіп келеді.

Бүгінде учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Измағанбетов Ғалымжан Жомартұлы өзіне берілген аумақтағы қандай да болсын құқық бұзушылыққа жол бермеу, оның алдын алу, қылмыстың бетін ашу, түскен арыз-шағымдар сияқты көптеген міндеттерді абыроймен атқарып келеді. Осы саладағы  қызметі әділ  бағаланып, Қызылорда облыстық Полиция департаментінің Алғыс хаттарымен марапатталған. Ғалымжаның адал жары Гүлнұр екеуі екі ұл бір қыз тәрбиелеп отырған үлгілі отбасы.