Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Қызылордада халықаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды

Үстіміздегі жылдың 23 ақпан күні Қызылорда облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізілген жедел іздестіру шаралары барысында 2023 жылдан бері тергеуден бой тасалап, халықаралық іздеуде жүрген Қызылорда қаласының 50 жастағы тұрғыны құрықталды.
Ол адамды ұрлау бойынша қылмыс жасаған деп айыпталуда. Полицейлер күдіктіні Қызылорда қаласында жасырынып жүрген жерінен анықтады. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Тергеу амалдары жалғасуда.