Апталық шолу

Апталық шолу

Өткен аптада облыста жалпы 65 қылмыс тіркеліп, оның 41-і кезекші тәулікте ашылып, ашылу көрсеткіші 63,1 пайызды құрады.

«102» арнасына 889 қоңырау келіп түсті. Облыс көлемінде 4128 әкімшілік құқық бұзушылық, оның ішінде 3278 ЖҚЕ бұзу деректері анықталды.

Жол көлік оқиғасының 4 дерегі орын алды, салдарынан 1 адам қаза болып, 6 адам жарақат алған.

Апта көлемінде учаскелік полиция инспекторларымен – 2, жедел уәкілдермен – 23,тергеу құрылымдарымен - 9 қылмыс ашылды

Облыс көлемінде «Құқықтық тәртіп», «Маргинал», «Стоп-трафик», «Заң және тәртіп»  жедел- профилактикалық іс –шаралары аясында құқық бузушылық пен қылмыстың алдын алу, орын алған қылмыстарды ашу жұмыстары жүргізілуде.