Қызылордада: ЖБО бейнекамералары арқылы қолы қан болған күйде қашып бара жатқан күдікті ұсталды

Қызылордада: ЖБО бейнекамералары арқылы қолы қан болған күйде қашып бара жатқан  күдікті ұсталды
18 қыркүйек күні таңғы сағат 06:00 шамасында қала көшелерінің бірінде екі азаматтың өзара жанжалдасып, олардың бірі екіншісіне үшкір затпен дене жарақатын салып, оқиға орнынан бой тасалаған.
💠Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының бейнекамераларын қарау барысында күдікті азамат қолы қан болған күйде қашып бара жатқанын анықталып, сол аймаққа бөлінген патрульдік полиция қызметкерлерімен бұрын сотты болған 32 жастағы облыс тұрғыны ұсталды.
📌Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігімен (Бұзақылық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешкайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.