Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының «102» арнасына 61 жастағы облыс тұрғыны хабарлама берген. Белгілі болғандай, 16 қыркүйек күні сағат 21:09 шамасында Сүлейменов көшесінің бойында жанына бейтаныс азамат барып, қоңырау шалу үшін «Самсунг» ұялы телефонын сұрап алып, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жедел басқару орталығының бейнекамералары
арқылы патурльдік полиция бекеттеріне бағыт – бағдар беріліп, «Хонда» үлгісіндегі автокөлігімен жүргені анықталып, «ізін суытпай» 33 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабының 1 - бөлігімен (Тонау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.