Қызылорда қаласындағы колледж студенттерімен нашақорлық пен құмар ойындардың зияны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілуде

Қызылорда қаласындағы колледж студенттерімен нашақорлық пен құмар ойындардың зияны туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілуде

Қызылорда облысының Білім басқармасы мен Қызылорда облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, Қызылорда қаласы Полиция басқармасының ювеналды полицейлері бірлесіп, Қызылорда қаласындағы колледждердің студенттерімен профилактикалық кездесулер өткізуде.

Қылмыстық іс-әрекеттерден аулақ болуға шақыру мақсатында іс-шара барысында жастарды есірткі құралдары, психотроптық заттарды қолдану мен баулуға, құмар ойындарға тарту себептері мен салдары қаралды, қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік мәселелеріне, сондай-ақ Интернет желісінде қауіпсіз «жүріс-тұрыс» тәсілдеріне назар аударылды. Орын алған құқық бұзушылықтардың салдары туралы мысалдар келтірілді.