Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылды, ал ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданады

Қызылордада көлік тізгіндеген жасөспірім жауапқа тартылды, ал ата-анасына қатысты материалдар сотқа жолданады
Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Жедел басқару орталығының қызметкерлерімен қала орталығындағы бейнекамералармен жұмыс атқару барысында женіл автокөліктің орталық көшелердің бойында қос жалпақ сызықты басып, жолдың қарама-қарсы бағытына шыққанын, сондай – ақ бағдаршамның қызыл түсіне өткенін байқайды. Дереу бағыт – бағдар беріліп, автокөлік патрульдік полиция бекетімен тоқтатылды.
Тексеру барысында аталған автокөліктің жүргізушісі кәмелеттік жасқа толмаған облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Осыған сәйкес құқықбұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-те көзделген 599-бабының 1-бөлігімен (Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту) және 596 бабының 5-бөлігімен (Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе басып озу қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттамалар толтырылып, автокөлік айып алаңына қойылды. Сонымен катар, жасөспірімнің ата – анасына ҚР ӘҚБтК-нің 127- бабының 3-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) хаттама толтырылып, құжаттар қалалық мамандандырылған ювеналдық сотқа жолданады.
Айта кетерлігі, Қызылордада жыл басынан жолдың қарама-қарсы бағытына шыққан 206 жүргізуші анықталды.
Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.