
2022 жылдың қазан айында Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны мобильді қосымша арқылы тапсырыс қабылдап, синтетиканы қала ішіндегі белгілі бір жасырын жерлерге салып отырған.
Тергеу барысында күдікті азаматтың жасаған іс-әрекеті толығымен өз дәлелін тауып, оның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігінің 1,3,5,6-тармағымен сараланып (), айыптау актісімен сотқа жолданды.
06.04.2023 жылы айыпталушы сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айру жазасы тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енді.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі