Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы әйелдерді көктем мерекесімен құттықтады

Қызылорда облысы  Полиция департаментінің бастығы    әйелдерді көктем мерекесімен  құттықтады
Бүгін «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» қарсаңында Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қожабаев Мұхтар Аманқұлұлы ардагер аналарды, полицей әйелдерді мерекемен құттықтады.
Рухы мықты ақ жаулықты аналардың, ардақты апалар мен қаракөз қарындастардың құрметіне ұйымдастырылған бұл шара облыс орталығындағы Достық үйінде өтті.
Шаңырақ берекесімен қатар, қызметтің тізгінін тең ұстаған әйелдер сегіз қырлы бір сырлы. Еселі еңбегімен ел құрметіне бөленуде. Ерлермен иық тірестіре жүріп, жауапты да күрделі салада абыройлы қызмет етіп келеді.
Бүгінгі салтанатты шара барысында полиция қызметінің ауырлығына қарамастан, азаматтық борышын өтеу жолында қажымай еңбек етіп, қоғамның тыныштығы мен қауіпсіздігін қорғап жүрген әйел полицейлерді құттықтау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.Ахметжановтың құттықтау жеделхаты ресми түрде оқылып, қызметтік міндеттеріне адалдықпен қарап, қызметтерінде жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген департаменттің қыз-келіншектері марапатталды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен «Құқық тәртібін қамтамасыз еткені үшін» медалімен полиция подполковнигі Жамурова Лаура, ІІМ-нің «Құрмет грамотасымен» полиция майоры Мырзахметова Сандуғаш, ІІМ-нің «Грамотасымен» полиция майоры Бейбітәлі Айжан, ІІМ-нің «Алғыс хатымен» полиция капитаны Искакова Алтынай марапатталды.
Сонымен қатар, ішкі істер саласында абыройлы қызмет етіп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардагер аналар да марапатталды.
Ішкі істер органдарының ардагерлері Касаева Марияш Қадырқызы, Құдайбергенова Күлшахар Жұмабайқызы, Әбілдаева Сәуле Маутанқызы, Орынбекова Бақытгүл Орынбекқызы, Қайназарова Гүлханыс Ақмашқызы, Балмағанбетова Алтынкүл Әділбекқызы, Омарова Гаухар Серікбайқызы және Ханиева Гүлнар Жүсіпбекқызы Департаменттің «Грамотасымен» марапатталды.
Мерекелік шара концерттік бағдарламамен жалғасын тауып, отбасының ұйытқысына, татулық пен келісімнің тірегіне айналған, махаббаттың, сұлулықтың символы саналатын құрметті ақ жаулықты аналардың, ардақты әйелдердің құрметіне әндер шырқалып, билер биленіп, ақ тілектер айтылды.
Ерекше марапатқа, құрметке ие болған қыз-келіншектерді, жалпы әйелдер қауымын «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесімен құттықтаймыз. Дендеріне саулық, босағаларына бақ пен береке, шаңырақтарына ырыс-ынтымақ, қызметтеріне абырой тілейміз. Еліміз тыныш, халқымыз аман, бауырымыз бүтін, бірлігіміз бекем болсын.