
Облыс көлемінде 19 шілде – 18 тамыз аралығында өтіп жатқан «Қауіпсіз жол» айлығы іс-шарасының алғашқы 7 күнінде 2078 құқық бұзушылық анықталды.
Тиiстi тiркеусiз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысудың (ҚР ӘҚБтК-нің 463 бап) - 5, медициналық қарап-тексеруден өтпеудің (ҚР ӘҚБтК-нің 590.8-б.) - 4, заңсыз қайта жабдықтаудың /590.7-бөлігімен/ - 72, міндетті техникалық қарап-тексеруден өтпеген /590.9-бөлігімен/ - 174, ұялы телефонмен сөйлесудің /591.1-бөлігімен/ - 79, жүргізушінің көлік құралын мас күйінде басқарудың/608-бабы/ -21, қауіпсіздік белдігін тақпаудың /593.1-бөлігімен/-438, жаяу жүргіншіге жол бермеудің/600бап/-50, құжатсыз автокөлік басқару /612.1-бөлігімен/- 126, көлік құралын басқару құқығынан айырылған жүргізушінің к.қ. басқаруы /612-3б/-18, жаяу жүргіншілер жолағынан өтпеу /615 бап/ - 104, маневр жасау ережесін бұзу /595 бап/ - 83, жалған мемлекеттік белгісін тағып к.қ. басқару /590-4 б/-3, қарсы бағытқа шығудың /596-3 б/-5 деректері анықталды.
Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі