Қызылорда облысының тұрғынының заңсыз қару сақтағаны анықталды

Қызылорда облысының тұрғынының заңсыз қару сақтағаны анықталды

Рейдттік іс-шаралар барысында 10 мамыр күні сағат 11:30 шамасында Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторыменқызмет атқару барысында 50 жастағы ауыл тұрғынының үйінде ІІО тіркеуде жоқ, 16-калибрлі, 1 ұңғылыаңшы мылтығын заңсыз сақтағаны анықталды.

Анықталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482–бабының 1-бөлігімен (Iшкi iстер органдарында тiркелмеген тегiс ұңғылы, газды қару мен олардың патрондарын, сол сияқты электрлі қаруды, үрлемелi қуаты 7,5 Джоульдан жоғары, калибрi 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық қаруды заңсыз иеленіп алу, беру, өткiзу, сақтау, алып жүру, тасымалдау) әкімшілік хаттама рәсімделіп, сотқа жолданады.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі