Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын қызылордалық ұсталды

Экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымды ұстанатын қызылордалық ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерімен жүргізілген жедел- іздестіру іс-шаралары нәтижесінде экстремистік бағыттағы материалдарды сақтаған деструктивті діни ағымын ұстанатын 30 жастағы облыс тұрғыны анықталды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігінде (Бұқаралық ақпарат құралдарының өнiмiн, сол сияқты өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату,  Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздiгiне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды)  көзделген құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік іс қозғалған.

Сот қаулысымен деструктивті діни ағым ұстанушысы кінәлі деп танылып, оған  214 410 теңге әкімшілік айыппұл салынды.

 

   Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі