Қызылорда: Қала тұрғынына 5 млн 600 мың теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

Қызылорда: Қала тұрғынына 5 млн 600 мың теңге шығын келтірген күдікті ұсталды

23 сәуір күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 52 жастағы қала тұрғыны жүгініп, алаяқтық әрекеттің құрбаны болғанын айтқан.

Анықталғандай, 2021 жылдың маусым айының 22 күні танысы қомақты көлемде несие алып беремін деп 5 млн 600 мың теңге несиені өзіне алдыртып, алдап алған.

         Қылмысты ашу бойыншажедел – тергеу тобы құрылды.Жедел –іздестіру іс-шараларыныңнәтижесінде49 жастағы қала тұрғыныұсталды.

         Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық, бірнеше рет жасалған алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы таңдалды.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі