Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны рөлге мас күйде қайта отырған

Жүргізуші куәлігінен айырылған ауыл тұрғыны рөлге мас күйде қайта отырған

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жаңақорған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 21 сәуір күні қызмет атқару барысында Сунақ ата ауылы тұсында 42 жастағы ауыл тұрғынының басқаруындағы «ИЖ Планета» мотокөлігін тоқтатқан.

Құжаттарын тексеру барысында жүргізушінің сот шешімімен 21.01.20 ж. 3 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны және сол кездетағыда мас күйінде автокөлік басқарғаны анықталды. Құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды, мотокөлік айып алаңына қойылды.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде.

 

Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі