«Емші» кейпін киген алаяқ ұсталды

«Емші» кейпін киген алаяқ ұсталды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің Шиелі аудандық полиция бөліміне аудан тұрғыны арызданды.​ Азаматшаның айтуынша,​ ​ ​ ​ ​ ​ бейтаныс әйел ​ оны көрген сәттен​ «сенде дуа бар, емдеп берейін» - деп, сеніміне кіріп, оның​ қымбат​ алтын бұйымдарын алдап алған. Артынша, «емші»​ ізін суытқан. ​ Азаматшаға келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгені құрайды.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде осы қылмысқа күдіктелген​ Қарағанды​ облысының тұрғыны​ ұсталды.​ Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігімен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.​ ​ ​ ​