Танысының үйіне 2 рет ұрлыққа түскен қызылордалық Жамбыл облысынан құрықталды

Танысының үйіне 2 рет ұрлыққа түскен қызылордалық Жамбыл облысынан құрықталды

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің  жедел уәкілдері пәтер ұрлығына қатысы бар деген күдікпен 33 жастағы қала тұрғынын қолға түсірді.

Қазан айының 16 күні түнгі уақыт 00:30 шамасында арызданушымен күдікті екеуі ішімдік ішіп, ол үстел үстінде тұрған қара түсті «Самсунг J4» үлгісіндегі ұялы телефонын және күртешесін ұрлап кеткен.

Үй-жайға заңсыз кіріп, жымқыру мақсатында араға 10 күн салып сол танысының үйіне 26 қазан күні түнгі сағат 02:30 шамасында үйдің есігінің ашық тұрғанын пайдаланып, үстел үстінде тұрған ұялы телефонды ұрлап кетеді.

Қызылорда қаласы Полиция басқармасының Тасбөгет полиция бөлімінің  қызметкерлері бұл мақсатта жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, полицейлер 21 қараша күні түнгі уақытта күдіктіні Жамбыл облысына қарасты ауылдардың бірінен ұсталды. Ұсталған күдікті уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігінің 3-тармағымен (Ұрлық, тұрғын үй-жайға, заңсыз кiрумен жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдіктінің өзге де қылмыстарға қатыстылығы анықталуда.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі