Қала тұрғыны Ақсайлық полицейлерге алғыс білдірді

Қала тұрғыны Ақсайлық полицейлерге алғыс білдірді

Қызмет барысында ел алғысына бөленіп жатса – полицейлер еңбегінің жанғаны деп білеміз. Қолға алған игі бастамаларымыздың Сіздерге пайдасы тиіп, қуанышқа кенелтіп жатса, біздің мақсатымыздың орындалғаны.
Әрбір полицей Сіздер үшін және мүдделеріңіз үшін қызмет етеді. Халық сенімі бәрінен биік. Ал, азаматтар тарапынан айтылған жылы лебіз - біздің жұмысқа деген ынтамызды арттырып, зор жетістіктерге жеткізері хақ.

Ағымдағы жылдың 5 қазан күні 49 жастағы қала тұрғынының 4 жылқысы өрістен қайта оралмаған. Ол өз бетінше 15 күн бойы іздейді. Нәтиже болмағаннан соң, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының Ақсай полиция бөліміне арыз түсіріп, құқық бұзушылық құрамы болуына байланысты іс тіркеліп, алдын – ала тергеу нысанындағы сотқа дейінгі тергеп – тексеру амалдары басталған.

Нәтижесінде учаскелік полиция инспекторлары және жедел уәкілдер жедел – іздестіру жұмыстарының нәтижесінде жәбірленушіге тиесілі жылқы малдарын дер кезінде тауып, өз иесіне қайтарды.

Өз кезегінде қала тұрғыны Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшыларына және учаскелік полиция инспекторларына, жедел уәкілдеріне жүрекжарды тілегін білдіріп, оларға қызметтерінде тек қана абырой тіледі.

 

Қызылорда қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі